Алуа Қонарова Астанада өтетін Филипп Киркоровтың концертіне қарсы шықты (фото)

Опубликовано:

Алма Қонарова
Алма Қонарова. Фото: instagram.com/aluakonarova

Продюсер Алма Қонарова Астанада өтетін Филипп Киркоровтың концертіне өз қарсылығын білдірді. Талай талантты танылтқан продюсер бұл жайлы Facebook парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанның мәдени өмірі қызып, көптеген іс-шаралар өтуде. Мыңдаған аудитория жинаған қазақстандық әртістермен бірге опен эйрлер өтіп жатыр. Алматыдағы Димаштың концерті бәрін дүр сілкіндіріп, бірде бір бос орынсыз өтті. Ресейлік әртістер бізде әрқашан үлкен ақы үшін өнер көрсететін. Жарайды, соғысты қолдамайтын Алла Пугачева, Би 2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин секілді әртістерге ешқандай қарсылығым жоқ.

Бірақ, астаналықтар дәл осы әншінің концертіне бармайтын шығарсыздар деген үміттемін. Оның ұстанымы естеріңізде шығар? Оны қатты жақсы көретіндер, оны spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер", - деп жазды Алуа Қонарова.

Тикетон сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, билеттердің ең максималды бағасы -80 мың теңге.

Филипп Киркоровтың Алматы қаласындағы концерті
Филипп Киркоровтың Алматы қаласындағы концерті. Фото: ticketon.kz

Айта кетейік, Филлип Киркоровтың елордадағы кеші 5 қараша күні өтсе, Алматы қаласындағы концерті 7 қарашаға жоспарланған.

Филипп Киркоровтың Астанадағы концерті
Филипп Киркоровтың Астанадағы концерті. Фото: ticketon.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990178-alma-qonarova-astanada-otetin-filipp-kirkorovtyn-koncertine-qarsy-syqty-foto/