Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркелеп кетеміз": Ақбота Керімбекова Мақпал Жүнісова жайлы өз ойын айтты

Опубликовано:

Қарақат Әбілдина, Мақпал Жүнісова, Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісоваға қатысты не ойлайтынын айтты. Ол эстрада жұлдызына деген асқан сыйластығы мен құрметін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Керімбекова Мақпал Жүнісова жайлы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол өнердегі әпкесін аты аңызға айналған, қайталанбас әнші ретінде сипаттады.

"Қазақ ән өнеріндегі орыны елеулі қыздар! Қазақстанның Халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, халқының ерекше махаббатына бөленген әнші, елінің еркесі Мақпал апайды көрсек, өзіміздің жасымыздың да біразға кеп қалғанын ұмытып, алдымыздан бір бөлек мейірім кезіккендей еркелеп кетеміз! Мақпал апай, расында, аты аңызға айналған, қайталанбайтын әнші! Өмірінің 40 жылын, бүтін бір ғұмырды тек сахнаға, мәртебелі музыкаға арнаған өнер қайраткері! Қазақ эстрадасы осындай ерекше, бөлекше ілтипат-сыйластығымен де ерекшеленеді ғой! Жасасын, қазақтың ән өнері", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990181-erkelep-ketemiz-aqbota-kerimbekova-maqpal-zunisova-zaily-oz-oiyn-aitty/

pixel