Ресейлік БАҚ Алла Пугачеваның Израильге кеткенін хабарлады

Опубликовано:

Алла Пугачева
Алла Пугачева. Фото: instagram.com/alla_orfey

Ресейлік БАҚ әнші Алла Пугачеваның елден кеткенін хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, примадонна Израильге кеткен, деп хабарлайды Известия дереккөзіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметі бойынша, ресейлік әнші балаларымен бірге кеткен. Алайда олар елге қайтар билет алмаған.

Ал Алла Борисовнаның өзі бұл қауесеттерге әлі түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Пугачева күйеуі Максим Галкинмен бірге Ресейден Израильге кетіп үлгерген болатын. Осылайша олар Ресейдің Украинаға қатысты саясатына келіспейтінін білдірді. Дей тұрғанмен, жаңа оқу жылына дейін примадонна балаларымен бірге үйіне қайта оралған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Максим Галкинге "Ресейдегі шетелдік агенттердің бірі. Ол саяси қызмет үшін Украинадан қаржы алды" деген айып тағылған болатын.Ал Максим Галкиннің өзі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990341-reseilik-baq-alla-pugacevanyn-izrailge-ketkenin-xabarlady/