Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анаммен ажырасқалы көрмедім": Әсел Сәдуақасова әкесімен қалай татуласқанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Актриса Әсел Сәдуақасова 2020 жылы өмірінде ең үлкен өзгеріс алғанын айтты. Өнер иесі алты жасынан бастап көрмеген әкесімен татуласқанын "Честно говоря" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса бала кезінен бері көрмеген әкесімен кездесуге қалай шешім қабылдағанын айтып берді.

"2020 жылы менің өмірімде өте үлкен өзгеріс болды. Менің ата анам 6 жасымда ажырасып кетті. Мен содан бері әкемді көрмедім. 2020 жылдың күзінде әкеммен кездесуге шешім қабылдадым. Бұл менің өз эгомды жеңуге жасаған алғашқы қадамым болды", - деп ағынан жарылды әнші.

Ал бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов Сәдуақасованың бұл шешімге келуіне не әсер еткенін сұрады.

"Сол сәтте мен түрлі курстар мен марафондарға қатысып жүрдім. Психологтың жеке кеңесіне жазылдым. Мен осы жерде әкем жайлы бір ауыз теріс сөз айтпаған анама алғысымды айтамын. Ол әкеммен араласуға ешқашан қарсы болмаған. Бірақ мен өзім қарсы болдым. Менің әкемнің туыстары да әрдайым менімен кездесуге дайын болды. Мен әкемнің анасымен өмірден өткенше танысып үлгердім. Әкемнің ағаларымен, әпкелерімен таныстым. Тек әкеммен ғана жолықпадым.

Ал 2020 жылы "Жарайды, оның менімен танысуға батылы бармаса, мен кішімін ғой..." деп ойладым. Менен бас тартады деп қорықтым. Әкемнің қарындасына жазып, нөмірін сұрадым. Ол кісі маған нөмірді берді. Мен нөмірді сақтап алып, ары бері ойланып жүрдім. Дәл осы уақытта телефонға хабарласты. Қарасам, әкем. Тұтқаны көтерсем, "Сәлем, Әселя" деді. Мен "Сәлем, әкешім" дедім. Бір қызығы, мен әкеммен бұрыннан сөйлесіп жүргендей сезімде болдым. Ешқандай ыңғайсыздық болмады. Мен өзімді өте жайлы сезіндім. Бұл сөйлесуді талай елестеткенмін, бірақ дәл бұлай болады деп ойламадым.

Мен әкеме кездескім келетінін айттым. Ол кісі маған "Әрине, менің есігім саған әрдайым ашық" деді. Ол кісі Астанада тұрады екен. Мен бір айдан кейін бардым. Барлық туыстар мені күтіп алды. Сол уақыттан бері арамыздағы мұз еріді. Осы уақытқа дейін маған жетіспеген жан дүниемдегі жеңілдікті сезіндім", - деп өміріндегі өзгерісті айтып берді Әсел Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990343-anammen-azyrasqaly-kormedim-asel-saduaqasova-akesimen-qalai-tatulasqanyn-aityp-berdi-video/

pixel