Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Асхат Тарғынның төртінші перзенті дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Асхат Тарғын әйелімен
Фото: Instagram/askhat_targin

Отандық танымал әнші Асхат Тарғынның отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің төртінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы сүйінші хабарды Instagram парақшасында жеткізді. Әнші қызды болған.

Ол дүние есігін енді ашқан сәбидің перзентханадағы суретін жариялады.

"Иә Алла, барлық мадақ-мақтау саған ғана тән! Сен ұлықсың, пәксің, шексіз мейірімдісің. Сансыз шүкір! Ассалаумағалейкум, инста-достарым. Алланың қалауымен, бүгін қызды болдым. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды Асхат Тарғын.

Өнер иесі енді ресми түрде көпбалалы әкелер қатарына қосылды. Бұл әртістің төртінші перзенті болды.

Айта кетейік, әншінің бірінші некесінен бір қызы бар. Сонымен қатар, екінші некесінен бір ұлы мен қызы өсіп келеді. 

Желі қолданушылары жұлдызды әкені жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990387-ansi-asxat-targynnyn-tortinsi-perzenti-duniege-keldi-foto/

pixel