Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бақаева ата-анасына Меккеге жолдама сыйлады (видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Әнші Салтанат Бақаева ата-анасына тосын сый жасады. Ол әкесінің туған күнінде анасы екеуіне Меккеге жолдама берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі тосынсыйдың видеосын Instagram парақшасында жариялады.

"Құрметті достар Аллахтың қалауымен ата-анама ерекше сыйлық жасадық. Ата-анамның балаша қуанған көз жасы жүрегімді елжіретіп,өзімде жылап жібердім", - деп жазды Бақаева.

Видеодан Салтанат Бақаева Меккеге жолдаманы табыстағаннан кейін әнші де анасы да көзіне жас алғанын байқауға болады. Ал әншінің әкесі болса, қызына ризашылығын білдіріп, маңдайынан сүйді.

"Ата-анаңды меккеге арқалап апарсаң да, алдындағы борышын өтей алмайсың" деп айтады ғой. Дегенмен, ата-анама ризашылығымды білдіріп, әкемнің туған күніне орай Меккеге шақырту тапсырғым келіп отыр. Бірақ, ол кісілер бұл жайлы білмейді", - деген болатын әнші видеода.

Айта кетейік, желі қолданушылары Бақаеваның бұл ісіне ризашылық білдірді.

"Керемет, жүрек елжіреді", "Ата-анаңыз 100 жасасын", "Бізге де ата анамызды Меккеге алып баруды жазсын", - деп қолдау білдірді әншінің оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990706-saltanat-baqaeva-ata-anasyna-mekkege-zoldama-syilady-video/

pixel