Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулыға Ақмолданы мерекесімен құттықтаған студенттері пранк жасады (видео)

Опубликовано:

Дулыға Ақмолда
Дулыға Ақмолда. Фото: instagram.com/duliga_akmolda

Танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолданы мұғалімдер мерекесімен құттықтаған студенттері таңқалдырды. Студенттер пранк жасап, бірі оқытушысының алдында өтірік талып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер мен студенттерінің видеосы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясынан ашылған Дулыға Ақмолданың шеберханасының Instagram парақшасында жарияланды.

Желіге тараған видеодан оқытушысының алдында келген студенттердің біреуі құттықтауға шамасы келмей, есінен танып құлағанын көруге болады.

Мұндайды күтпеген Дулыға Ақмолда шошып кетеді. Сәлден соң есінен танған студен өзі орнынан тұрып кетеді. Ал студенттер гүл мен торт әкеліп, актерді кәсіби мерекемен құттықтайды.

"Мені сендіру негізі оңай нәрсе емес. Бірақ осы жолы шошып кеттім. Аяқ астынан аузыма сөз түспей қалды", - дейді актер видеода. ⠀ Желіде оқырмандары Дулыға Ақмолданың жақсы ұстаз екенін жазды. ⠀ "Демек, жақсы ұстаз, актерлікке шәкірттерін жақсы үйреткен", "Керемет құттықтау", "Ұстаздан шәкірт озады", "Өте тамаша ағай екен", "Шошып кеттім", "Дулыға Оскар сыйлығына лайық актер ғой", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990714-dulyga-aqmoldany-merekesimen-quttyqtagan-studentteri-prank-zasady-video/

pixel