5 қазан күні Мұхит Сапарбаевтың кітабының тұсауы кесіледі

Опубликовано:

Мұхит Сапарбаев
Мұхит Сапарбаев. Фото: instagram.com/msaparbayev

5 қазан күні Мұхит Сапарбаевтың "Qazaq Kids" атты кітабының тұсауы кесіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұхит Сапарбаевтың мәліметінше, кітаптың тұсаукесері Алматы қаласы, Байзақов көшесінде орналасқан "Алматы Тауэрс" кешенінде өтеді.

"Сәлем, құрметтім! Менің сіз үшін өте қуанышты жаңалығым бар. 5 қазан күні сағат 19:00-де менің "Qazaq Kids" атты кітабымның тұсаукесері өтеді. Сізді осы кештің қадірлі қонағы болуға шақырамын. Өзіңізбен көтеріңкі көңіл күй алып келуді ұмытпаңыз", - деп хабарлады Сапарбаев.

Айта кетейік, Мұхит Сапарбаевтың осыған дейін бірнеше кітабы жарыққа шықты. Оның келесі кітабы "Qazaq Kids" деп аталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990730-5-qazan-kuni-muxit-saparbaevtyn-kitabynyn-tusauy-kesiledi/