Эмин Аскеров президентпен кездескен сәттегі толқынысын баяндап берді (видео)

Опубликовано:

Эмин Аскеров
Эмин Аскеров. Фото: "Вслух о личном" бағдарламасы

Greental әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Аскеров "Вслух о личном" бағдарламасында болып, президент Қасым-Тоқаевпен кездесуден алған әсерімен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эмин Аскеров бағдарлама барысында балалық шағын еске алып, бұл салаға қалай келгенімен бөлісті. Оның айтуынша, кәсіпкерге басында ешкім қолдау көрсетпеген. Алайда ол алған бетінен қайтпай, мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсеткен.

Кейін кәсіпкердің игі ісін президент Тоқаев та қолдап, оны Ақордада шақырып ұсыныстарын тыңдаған. Эмин Аскеров президентпен кездескен сәттегі толқынысын баяндап берді.

Аскеровтің айтуынша, ол "Жаңа Қазақстанға" сенім артады.

Ол "Жаңа Қазақстан"жайлы жағымсыз пікір білдіріп, сенбейтіндерге өзгерісті өзінен бастау керектігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990731-emin-askerov-prezidentpen-kezdesken-sattegi-tolqynysyn-bayandap-berdi-video/