Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңғалдым": Азамат Сатыбалды ұстазының сиыр сауғанын алғаш рет көргенде сөйлей алмай қалған (видео)

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Актер Азамат Сатыбалды мектеп табалдырығында білім берген ұстаздары жайлы естеліктерімен бөлісті. Өнер иесі мұғалімінің сиыр сауғанын көріп, таңғалғаннан сөйлей алмай қалғанын "Түнгі студия" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұстаздар күні қарсаңында "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болған актер

"Мен Жамбыл облысында, совхозда 8 мектепте оқыдым. Ауылда Сәуле деген ең алғашқы ұстазым болды. Ол кездегі ұстаздар мүлде бөлек болды ғой.

Менің түсінігімде ұстаздар бір жоғары деңгейде болып көрінетін. Мені мектеп директоры ұстаздың үйіне бір тірлікпен жіберді. Ұстазымның қорадан шелекпен сиыр сауып келе жатқанын көргенде таңғалдым. Сөйлей алмай қалдым. Қалай? Ұстаз, мұғалім сиыр сауа ма? Мен үшін ұстаз сиыр саумайтын, тамақ ішпейтін, тек қана білім беретін жоғары деңгейдегі бір таза адам сияқты көрінді", - деп ағынан жарылды Азамат Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990900-tangaldym-azamat-satybaldy-ustazynyn-siyr-sauganyn-algas-ret-korgende-soilei-almai-qalgan-video/

pixel