"Жанарың сенің жып-жылы": Мадина Сәдуақасова анасын туған күнімен құттықтады (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мама, жанарың қандай сенің жып жылы, Мама, көзіңе малынғандай күн нұры. Бүгін анашымның туған күні. Мамам 1955 жылдың 3 қазанында Алматы облысы , Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. Француз тілі факультетін 1976 ж бітірген. 1978 жыды Саты деген жерден Қызылордаға Бахытжан Садуақасов деген жігіт алып қашты.

Бір жылдан соң 2800 грамм салмақпен қыз келді дүниеге. Ол қыздың атын - Мәдина деп қойды. Әрі қарай білетін сияқтысыздар. Туған күніңізбен , Күлтәй Қасымқанқызы! Ғұмырлы болыңыз!Ең бастысы денсаулық, әкем екеуіңіз ортамызда жарқырап жүре беріңіз", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, әншінің анасын желідегілермен қатар өнер иелері де туған күнімен құттықтаған.

"Анаңыз жүз жасасын", "Анаңыз барда сіз қашан да сәбисіз", "Анаңызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз" деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990925-zanaryn-senin-zyp-zyly-madina-saduaqasova-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtady-foto/