Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хиджаб киген Алтынай Жолдыбаева тыңдармандарын ойландырып қойды (фото)

Опубликовано:

Алтына Жолдыбаева
Алтына Жолдыбаева. Фото: instagram.com/altynaizholdybayevanew

Отандық орындаушы Алтынай Жолдыбаева хиджаб киіп, әлеуметтік желідегі оқырмандарын ойландырып қойды. Бұған дейін әнші ашық киінгені үшін бірнеше рет сынға қалған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жолдыбаева Instagram парақшасында жаңа суретін жариялағанымен, оған түсініктеме бермеген. Сурет астына тек қара жүректі қосып, фотографтың аты-жөнін және оның түсірілген жерін көрсеткен. Сурет Алматы әуежайында түсірілген.

Өнер иесінің бұл өзгерісіне таңқалған желідегілер жағымды пікір қалдырып үлгерген.

"Сұлу, жарасады", "Намаз оқи баста", "Әдемі әйел", – деп пікір қалдырды жанкүйерлер.

Дегенмен Жолдыбаеваның бұл суретіне де сын айтқан желі қолданушылары табылды.

"Бірде жартылай жалаңаш жүресің, сосын осылай киінесің. Мұны қалай түсінесің?", – деді жазылушылардың бірі.

Ал желідегі бір оқырман "Әркім өз ісі мен сөзі үшін Алланың алдында жауап береді. Орынсыз сөздің қажеті жоқ. Ол өзін біледі" деп Жолдыбаеваны жақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990955-xidzab-kigen-altynai-zoldybaeva-tyndarmandaryn-tangaldyrdy-foto/

pixel