Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тектен тек тиіспейді": Майра Ілиясова Көлсайда гидті соққыға жықты деп айыпталған Төреғалиді жақтап шықты (видео)

Опубликовано:

Майра Ілиясова
Майра Ілиясова. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Майра Ілиясова Көлсайда гидті соққыға жықты деп айыпталған Төреғалидің әрекетіне баға берді. Өнер иесі Төреғали Төреәлі жайлы "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Төреғали туралы естіп, жүрегім ауырып қалды. Мен Төреғалиді жақсы жағынан көремін. Ол шынында да нағыз жұлдыз. Нағыз талант. Тума талант дейді ғой қазақ. Мұнда баяғы батырларымыз сияқты қайсарлық бар. Анау мынауға намыстанып кететіні бар. Ана баламның (Гид жігіт - ред) сөзіне таңғалып қалдым", - деді әнші.

Сондай-ақ Майра Ілиясова мәселе шетелдік туристің Төреғали Төреәліге қандай көзқараспен қарағанында екенін айтты.

"Қазір жасыратыны жоқ енді, халықтан кешірім сұраймын. Қазір әйел тектес ер адамдар көбейіп кетті. Ол сұғынып қарауы мүмкін. Ішіп жеп қарауы мүмкін. Немесе "Жұлдызың мынау ма?" дейді. Демалып жүрген ол шашын жақсылап, керемет бір киім кимей, еркін бір спорттық киіммен келіп қалуы мүмкін. Соны сынаған көзбен қарауы мүмкін. Төреғали тектен-тек тиіспейді", - деді Майра Ілиясова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде жас жігітті соққыға жықты деп айыпталған болатын.

Кейін бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 30 қыркүйекте әншінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Ал бірнеше күн бұрын Төреғали Төреәлінің тергеу изоляторынан кепілдікпен босатылатыны белгілі болды.

Кешірек Төреғали Төреәліге Мейрамбек Бесбаев қолдау білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991114-tekten-tek-tiispeidi-maira-iliyasova-kolsaida-gidti-soqqyga-zyqty-dep-aiyptalgan-toregalidi-zaqtap-syqty-video/

pixel