Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша алмасу": Отандық әнші Әділет Жауғашар қазіргі тойдың бизнеске айналғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Әділет Жауғашар
Әділет Жауғашар. Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar

Отандық әнші Әділет Жауғашар қазіргі тойлардың бизнеске айналып кеткенін айтты. Әнші "OZMZғой" бағдарламасында бұрынғы тойды аңсайтынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хитмен тойдың ақша алмасуға айналғанына өкпелейтінінін де жасырмады.

"Той тәжірибе деп айтуға болмайды. Баяғыдай той жоқ. Сіздердің кішкентай кездеріңіздегі той жоқ қазір. Той бизнес болып кеткен. Тойға адам, "Біздің үйге қанша алып келді, соны алып барып берейік" деп келеді. Мысалы бір үйге күніне 3-4 тойға шақыру келеді. Бір үйдегі анасы, әкесі, баласы әр тойға бөлініп барады.

Бір өкпе-ренішімді айтқым келеді. Қазір той ақша алмасу болып кетті ғой. Көп той солай болып жатыр. Үйлену тойларына барсаң, 4-5 үстел бос тұрады.Баяғы тойды сағынасың", - деді Әділет Жауғашар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991151-aqsa-almasu-otandyq-ansi-adilet-zaugasar-qazirgi-toilardyn-bizneske-ainalganyn-aitty-video/

pixel