Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анджелина Джоли Брэд Питті отбасында зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптап, сотқа шағым түсірді

Опубликовано:

Анджелина Джоли
Анджелина Джоли. Фото: instagram.com/angelinajolie

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің үстінен сотқа шағымданып, оның балалары мен өзіне физикалық күш қолданғанын айтты, деп хабарлайды New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін Брэд Питт Джолиді "бірге иелік ететін бизнеске зиян келтірді" деп айыптап, сотқа берген болатын. Осыдан кейін актриса өз кезегінде Питттен 250 миллион доллар талап еткен.

Шарап зауыты туралы келіссөз үзілгеннен кейін Джоли бұрынғы күйеуіне қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сотқа шағым түсірді.

Ол 2016 жылы жеке ұшағымен саяхаттау кезінде актердің өзін және балаларын қорлағанын айтты. Актрисаның айтуынша, дәл осыдан кейін ол ажырасуға арыз берген.

Джолидің адвокаттары актриса неліктен бизнестегі үлесін Питтке сату жөніндегі келіссөзден бас тартқанын да түсіндірген.

Адвокаттардың мәліметінше, келіссөзге келу үшін Питт актрисадан зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттері жайлы соттан тыс уақытта айтпауды талап еткен.

Ал Джолидің мәлімдемесінде олардың 2016 жылдың қыркүйегінде ерлі-зайыптылар алты баласымен Франциядан Калифорнияға ұшқан сәттегі төбелесі сипатталады. Актриса "Питт балалардың бірін тұншықтырып, екіншісінің бетінен ұрды" және "Менің басымнан ұстап, сілкіледі" деп мәлімдейді. Сондай-ақ актриса құжатта Брэдтің өзіне және балаларына сыра мен қызыл шарап шашқанын да жасырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991175-andzelina-dzoli-bred-pitti-otbasynda-zorlyq-zombylyq-korsetti-dep-aiyptap-sotqa-sagym-tusirdi/

pixel