"Әрбір бала әкесін күтеді": Жас әншілер алимент төлемей жүрген әкелерге арнап клип түсірді

Опубликовано:

AlfaStars тобы жеке түсірілімі
AlfaStars тобы: жеке мұрағат

Кішкентай бүлдіршіндер алимент төлемейтін әкелерге арналған бейнебаянды жарыққа шығарды. Жас өнерпаздан құралған топ осылайша қазіргі қоғамның өзекті мәселесін елге жеткізуді көздеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния, Наргиз, Марьяна, Селин және Тамина есімді өнерпаздардан құралған AlfaStars тобы "Әке" деп аталатын әнге бейнебаян түсірді. Бұл клиптің басты мақсаты - қоғамдағы ажырасу мәселесіне арналған.

Атап айтар болсақ, жас әншілер клип арқылы әкесін асыға күткен балалардың өмірін сипаттап, толық емес отбасында өсіп жатқан бүлдіршіндердің тағдырын көрсетуге тырысқан.

"Бұл мәселе көптен бері айтылып жүр. Бірақ естір құлақ жоқ. Қазір ажырасу туралы екінің бірінен еститін болдық. Жалғызбасты аналар балаларын жетілдіру үшін бірнеше жерде ауыр жұмыс істеуге мәжбүр. Ал әкелер бала алдындағы ең қарапайым міндеті - алимент төлеуді де қатырмайды. Алиментін өндіре алмай жүрген аналарды көп кездестірдім. Кейін жас әншілеріміз арқылы осы проблеманы жеткізуге тырыстық. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі геосаяси жағдай да тым қиын. Көрші елдердегі соғыс салдарынан қаншама бала әкесіз қалып жатыр. Сондықтан, барша ата-анаға балаларымызды тірі жетім қылмайық деп айтқым келеді", - дейді продюсер Гүлнұр Бөкенова.

Бұл жас өнерпаздардың тырнақалды туындыларының бірі. Болашақта олар үлкен сахналарды бағындыруды армандайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991219-arbir-bala-akesin-kutedi-zas-ansiler-aliment-tolemei-zurgen-akelerge-arnap-klip-tusirdi/