Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу тоқтатылады

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Полиция әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласқанын растады. Тиісті ақпарат ІІМ Telegram арнасында жарияланды.

Полицияның хабарлауынша, бұған дейін Т.Төреғалиге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі негізінде СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласты.

"Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес өлім-жітіммен байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әнші Төреғали Төреәлі Көлсай көлдерінде гидті ұрды деп айыпталған болатын. Полиция әншіні қамауға алғанымен, кейін 10 миллион теңге кепілдікпен босатылған. Бүгін Төреғали Төреәлі жәбірленушімен татуласқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991267-toregali-torealige-qatysty-qylmystyq-is-boiynsa-tergeu-toqtatylady/

pixel