Димаш Құдайбергеннің інісі өнерімен елді сүйсіндірді (фото, видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген інісі Әбілмансұрмен
Димаш Құдайберген інісі Әбілмансұрмен. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен ауқымды концертінде өнер көрсеткен туған інісі өнерімен елді сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаштың інісінің есімі - Әбілмансұр. Ол - 15 жаста.

Әбілмансұр Құдайбергенов Астанадағы музыкалық мектепті тәмамдап, қазір Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде бірінші курс оқиды.

Бозбала Димаш Құдайбергеннің 23 қыркүйекте Алматыда өткен ауқымды концертінде өнер көрсетті.

Атап айтсақ, Димаш інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған туындыны алғаш рет орындады. Әйгілі француз музыканты FKJ шығармашылығымен рухтанған ән көрермен назарын бірден аударды.

Одан бөлек, Әбілмансұрдың өзі маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптық композицияны орындады.

Сондай-ақ Әбілмансұр осы уақытқа дейін Димаштың бірнеше әлемдік концерттерінде домбыра шертіп, оркестрмен бірге өнер көрсеткен.

Ал ағасының Алматыдағы кешінде композиторлық қырымен таныла түсті.

Желі қолданушылары Әбілмансұр мен Димаштың ұқсастықтарын алға тартты.

"Мен өнерлі әрі сымбатты ағайынды жігіттерге қызығып қарадым", "Екеуі егіздей", "Талантты отбасы, талантты жігіттер" деп жазды Димаштың фанаттары.

Естеріңізге сала кетейік, Димаштың Алматыдағы ауқымды концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келген болатын. Танымал әншінің Алматы орталық стадионында өткен концертіне 30 мың адам жиналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991340-dimas-qudaibergennin-inisi-onerimen-eldi-suisindirdi-foto-video/