Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова анасын туған күнімен құттықтады (фото)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Кино әлемінен бірнеше жылға алыстап кеткен актриса Әсел Сәдуақасова жақында өмірінде болған өзгерістермен бөліскен болатын. Әкесімен қатынасын қалыпқа келтіргенін айтқан өнер иесі анасын туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анашым, сені қалай жақсы көретінімді айтуға сөз жетпейді. Дәл сенің қызың болып туылғаным үшін Аллаға айтар алғысым шексіз. Бүгін сені туған күніңмен құттықтап, өзімнің сені қалай жақсы көретінімді айтқым келеді.

Мен сенің әлемдегі ең бақытты адам болғаныңды қалаймын және солай болатынына сенімдімін. Сен тек керемет ана емессің. Сен - керемет қызсың, керемет әпке, құрбы, тәлімгерсің. Сенің өміріңде барлық қалауың орындалып, жолыңда тек жақсы адамдар жолықсын.

Сен менің - анамсың, ұстазымсың, қорғанымсың. Сен - менің қорғаушы періштемсің. Сені жақсы көремін", - деп жазды Сәдуақасова Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Сәдуақасова ата-анасымен қарым қатынасын өзгерткеннен кейін өмірінің қалай өзгергенін айтқан болатын.

"Егер біз ата анамыздың бірін қабылдамасақ, өзімізді қабылдай алмаймыз. Себебі, анамыз біздің сол бөлігіміз. Әкеміз оң бөлігіміз. Әке - әлеуметтік сәттерге, ал ана - өмірлік серігімізге, әлеуметтік жағдайымызға әсер етеді. Өзімді толық қабылдаған кезде, анамның бұрын ашуландыратын сөздеріне күле бастадым. Анам да "Мен өзгермедім, бұрынғыдаймын. Қызым сен өзгергенсің" деп айтты. Міне, анаммен байланысым өзгергеннен кейін менің айналамдағы адамдармен де ара қатынасым өзгере бастады. Бұл менің есейе бастағаным, - деді Әсел Сәдуақасова "Честно говоря" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991352-asel-saduaqasova-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtady-foto/

pixel