Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жыл бойы қаншама әншіге ұсынылды": "Ұйқым келмейді" хитінің авторы әннің қалай жазылғанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Алина Шакиева
Алина Шакиева. Фото: "Ұйқым келмейді" бейнебаянынан скриншот

Осыдан бірнеше ай бұрын жарыққа шығып, хитке айналған "Ұйқым келмейді" әні қалай жазылды? Туындының авторы Рамазан Амантай бұл жайлы "Түнгі студия" бағдарламасындай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ән авторының мәліметінше, "Ұйқым келмейді" осыдан екі жыл бұрын жазылған. Алайда осы уақытқа дейін өз орындаушысын таппаған.

"Бұл позитивті ән. Үш күн әлеуметтік желіге шыққан пікірді позитивті қабылдауға тырыстық. Негатив те, позитив те тең болды. Алғашында орындаушыға (Алина Шакиева -ред) әңгіме айтылды.

Негізі бұл ән Алина ханымға дейін жазылған. Ол кісіні мүлде танымайтын кезде, карантин уақытында мәтіні дүниеге келді. Сосын барып Диана Исмаилова атты сазгер досым оған ән жазды. Екі жыл бойы қаншама әншіге ұсынылды, тыңдатылды. Бір қызығы сол уақытта ешкім сынамады. Сөйтіп Алина ханым орындағанда трендке айналып кетті.

Қатты хайп қуған адам емеспін ғой. Осыған дейін 400-ге тарта әнім бар. Оның кейбірі жарыққа шықпай, әншілердің архивтерінде шаң басып жатыр. "Ұйқым келмейді" деген әніне келетін болсақ, сол кезде бастан өткен оқиғаны суреттедім". Қазір әйелім бағдарламаны қарап отыр, бәрін айтпай-ақ қояйын, - деді Рамазан Амантай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991433-eki-zyl-boiy-qansama-ansige-usynyldy-uiqym-kelmeidi-xitinin-avtory-annin-qalai-zazylganyn-aityp-berdi-video/

pixel