Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анама сенің малайың емес дедім": Актер Шәріп Серік ажырасуы жайлы алғаш рет мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Шәріп Серік, Say Mo
Шәріп Серік, Say Mo. Фото: "TALK LIKE" бағдарламасы

Отандық актер Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушымен екі жыл бірге тұрған. Алайда үйленгеннен кейін арада бір ай өткенде ажырасып кеткен. Осыған дейін ажырасуы жайлы жақ ашпаған өнер иесі "TALK LIKE" бағдарламасында бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің айтуынша, Say Mo мен анасы үйге келген қонақтар үшін сөзге келіп қалған. Содан соң бұрынғы әйелі әлеуметтік желіге түрлі жазба қалдырып, Шәріп Серіктің анасы жайлы айтып, намысына тиген.

"Мен тіпті, бұл жағдай жайлы еш жерде айтпадым. Тіпті желіге stories салмадым. Осы жағдай болған кезде өзімді құрбан ретінде көрсеткім келмейді. Мен ол кезде Грузияда түсірілімде болғам.

Мөлдір менің мамаммен ұрысып қалды. Анам "Үйге қонақтар келді" кел деген. Мөлдір "Менің жұмыстарым бар. Келмеймін" деген. Ұрысты. Маған хабарласты. "Неге сенің анаң сөйтіп жатыр" деді. "Енді барсайшы" деп едім, "Мен ондай келін емеспін. Сен білдің ғой менің қандай адам, қандай әйел болатынымды" деді. Оның да сөзінің жаны бар. Сосын анама "Мама, қой. Ол сенің затың емес. Сенің малайың емес" дедім. Сосын анам Мөлдірді желіден анасымен көреді. Ал үйге адамдар Атыраудан "Келінге құтты болсын" айтуға келген. Содан қонақтардың өзі анама Мөлдірдің желіде қыдырып жүргенін көрсетіп, "Келінің келмей ме?" деген ғой. Сосын менің анам Мөлдірдің анасына хабарласқан. Бұл Мөлдірге ауыр тиген", - деді ұрыстың неден басталғанын баяндаған актер.

Сондай-ақ актер бұрынғы әйелін сабырға шақыруға тырысқанын да жасырмады. Қатты күйзелістер Шәріп Серік Грузияда жүрген жерінде талып қалады.

"Менің анам ана жақтан, Мөлдірдің анасы мына жақтан, Мөлдірдің өзі. Ортасында мен тұрмын. Бір кезде Мөлдірдің желіге "Шако екеуміз бір бірімізді сүйеміз, жақсы көреміз. Бірақ оның анасы біздің отбасымызды бұзып жатыр" деген stories-тері басталды. "Қой, өшір" деп едім, арқасы ұстап кетті. Мен осыдан кейін, "Қой, ажырасамыз. Ер азамат ретінде бұл менің қатты намысыма тиді. Келеміз, тыныш қана ажырасамыз" деп едім, ол тоқтамай желіге жазба жариялай берді.

Мен Грузиядамын. Мені барлық жерден блоктап тастаған. Телефонды көтермейді. Қатты ашуланып, талып қаламын. Микроинсульт, оң жағым құрысып қалды. Ұйықтай алмаймын. Ұйықтататын дәрі салса да, ұйқы жоқ. Қиын жағдай болды.

Келемін үйге, бірге тұрамыз ғой. Ана қыз әлі басылмаған. "Заттарыңды алып кет. Болмаса дәлізден алып кетесің" деді. Мен оған әлімнің жоқ екенін айттым. Сосын алып кеттім. Өзім ем қабылдап жүрмін. Бәрін көріп жүрмін. Содан бері көптеген нәрсе болды. Заңды түрде ажырастық", - деді Шәріп Серік.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актер анасының мұндай образдағы келінге дайын болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991557-anama-senin-malaiyn-emes-dedim-akter-sarip-serik-say-mo-men-azyrasuga-ne-sebep-bolganyn-aitty-video/

pixel