Рэп орындаушысы Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің өзі жайлы айтқан кей сөзін жоққа шығарды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің "TALK LIKE" бағдарламасына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. Ол ажырасуға өзі арызданғанын баса айтып, актердің кейбір сөздерін жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шәріп Серік сұхбат барысында бұрынғы әйелін сүйгенін айтып, олардың ажырасу себебін түсіндірген болатын.
Бұл сұхбатқа Say Mo Instagram парақшасында пікір білдірді.
"Кейбір адамдар менен "Бұрынғы күйеуіңнің сұхбатын көрдің бе?" деп сұрап жатыр. Жауап: Жоқ. Себебі, TikTok желісінде көрген үзіндінің өзі маған жетіп жатыр. Араларыңызда толық көрген жандар болса, айтыңыздаршы, ол тәуелділігін, маған қиянат жасағанын айтты ма?", - деді әнші.
Сонымен қатар Say Mo бұрынғы күйеуінің сұхбатта айтқан кей сөздерін жоққа шығарды.
"Біріншіден, ажырасуға өтінішті мен бердім. Бұл шешімге мен келдім, ол емес. Екіншіден, ол менің ашық-шашық киінуіме ешқашан қарсы болған емес. Себебі, әуел бастан ол сондай қызға қарады.
Жалпы, ер адамдар қызықсыздар. Алдымен сондай қыздарды ұнатасыздар да, кейін оны өзгертуге тырысасыздар. Әйелдер де адам. Олар қалай өмір сүруді өзі шешеді. Қарым-қатынаста біреуді өзгертуге тырыспаңыздар", - деді актердің бұрынғы жұбайы.
Сондай-ақ әнші Шәріп Серікпен өткен жылы кездесіп, бұл тақырыпқа нүкте қойғанын айтты.
"Бәрін талқыладық. Бұл бір-бірімізді көріп қалғанда ыңғайсыздық сезімі болмауы үшін еді. Алайда біздің ортақ достарымыз мен жайлы желіге бөліскеннен кейін Шәріптің оларды қара тізімге тастағанын естідім.
Баланың тірлігі ғой. Жарайды, уақыт өте басылар дедім. Бірақ арада екі жыл өткенде осылай сұхбат беріп отыр. Бұл еркекше емес, Шәріп", - деп айтты Say Mo.
Рэп орындаушысы бұрынғы күйеуі Шәріп Серікке өз айтарын видео арқылы жеткізді.
"Мамасының баласын сенен артық ешкім ойнай алмайды. Сұхбатты екі жыл өткеннен кейін емес, ажырасқан бойда беруің керек еді. Айтпақшы, жарайсың. Мәтінді жақсы айтып шықтың. Өзің жаздың ба?
Мен оның анасының біздің қарым-қатынасымызға араласқаны үшін ғана емес, жалпы оның маған жасаған барлық әрекеттері үшін ажырасуға шешім қабылдадым. Ол Грузияда жүргенде үйде жалғыз қалып, өзім де өмір сүре алатынымды түсіндім. Дәл осы сәтте оның анасы манипуляция жасай бастады. Содан кейін мен біздің болашағымыз жоқ екенін түсіндім", - деді әнші ажырасулары жайлы.
Мөлдір бұрынғы күйеуінің анасы желіде өзіне 2019 жылдан бастап жазылғанын да жасырмады.
"Алайда ешқашан менің ашық киімдеріме ескерту жасаған емес. Қызықтың бәрі біз отбасы құрғаннан кейін басталды. Мүмкін ол да, отбасы да мен құжаттарға (заңды неке - ред) қол қойғасын, барлық қалауларын орындайды деген шығар. Алайда мен әрдайым өзімді және өз еркіндігімді таңдаймын", - деп аяқтады Шәріп Серіктің бұрынғы жұбайы Say Mo.
Айта кетейік, Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембекпен екі жыл бірге тұрге тұрып, үйленгеннен кейін бір ай өткенде ажырасып кеткен.
Арада уақыт өткенде өнер иесі ажырасуы жайлы шындықты айтты.
Сондай-ақ актер "мамасының баласы" атты челленджің жүрегіне ауыр тигенін жасырмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991653-rep-oryndausysy-say-mo-buryngy-kuieui-sarip-seriktin-ozi-zaily-aitqan-kei-sozin-zoqqa-sygardy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.