Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 мың доллар": Сейфуллин Жолбарыс ең үлкен гонорары туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Сейфуллин Жолбарыс осы уақытқа дейін алған ең үлкен гонорары туралы "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізушілердің бірі "Бір кеште 50 мың доллар алғаныңыздан хабарым бар. Сондай гонорарды кім ойланбай бере салды?", - деп сұрайды.

"50 мың доллар ол бір күндік жұмыс емес. Ол ақшаны берген адам біліп отыр. Ертең Сейфуллинге қай күні болса да хабарласа алады. Әлі күнге солай болып келе жатыр. Ол кісінің атын айта алмаймын. Ондай жақсылық жасаған кісілер көп. Көлік берген кісі бар мысалыға. Бұл жалғыз мен емес, ондай әншілер көп.

Бұл ең үлкен гонорарым. Пакетпен берген кезде, әтір деп ойлап қалдым. Алып, жаныма қоя салдым. Сөйтсем, жанындағы көмекшісі келіп "Сейфуллин ана пакетті абайла" деді. Ашып қарасам, ішінде 50 мың доллар", - деді әнші.

Айта кетейік, бұдан бірнеше ай бұрын әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кеткенін, оған Сейфуллиннің өзінен пәтер сатып алып, артынша ақшасын бермей қоюы себеп болғанын мәлімдеген. Алайда Сейфуллин Жолбарыс әріптесінің сөзін жоққа шығарып, одан ешқандай пәтер алмағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991874-50-myn-dollar-seifullin-zolbarys-en-ulken-gonorary-turaly-aitty-video/

pixel