"Ән естігім кеп тұр": Әжейдің сөзін жерге тастамаған Димаш Құдайбергенге көпшілік риза болды (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайбергеннен домбырамен ән орындауын сұраған әжейдің видеосы желіге тарап кетті. Өнер иесі де тыңдарманының тілегін жерге тастамаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші мен тыңдарманының видеосы "kaz.stars" Instagram парақшасында жарияланды.

"Жанды дауыста, домбырамен ән естігім келіп тұр", - дейді әншінің тыңдарманы.

Ал Димаш жанкүйерінің сөзін жерге тастамай, "Бір бала" әнінің бір шумағы мен қайырмасын жанды дауыста орындап береді.

"Апа, мен қазір бір шумақ пен қайырмасын орындап жіберейін. Рұқсат болса", - деп Димаш Құдайберген ән орындаған.

Желе қолданушыларына тыңдарманының тілегін орындаған Димаш Құдайбергеннің әрекеті ұнап қалған.

"Жарайсың", "Нағыз әнші осындай болуы керек", "Міне, талант деген осы", "Бағың жансын", "Өтінішті жерде қалдырмаған да жігіттік" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Чили қаласында 48 адам Димаш Құдайбергенге арнап той өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991894-an-estigim-kep-tur-dimas-qudaibergennen-an-suratqan-azei-zelini-zardy-video/