"Әкеме қатерлі ісік деген диагноз қойды": Айдай Исаева намазға қалай келгенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Айдай Исаева бүгінде намаз оқып жүргенін айтты. "Қазақстан аруының" бұл маңызды қадамға баруына әкесінің дерті ықпал еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдай Исаева намазға қалай келгенін Айнұр Ілиясоваға берген сұхбаты барысында айтып берді. Ол Алла өзіне аян бергенін жеткізді.
"Намаз оқимын. Әкем жарты жыл бойы қатерлі ісік деген диагнозбен жүреді. Дәрігерлер сондай диагноз қояды. Мен оны әуежайда отырғанымда естимін де, талып құлаймын. Мен өзім әкемнің қызымын. Ниетім түзу болғандықтан арасында жолдасыммен қосылып оқып жүретінмін. Жатарда дәретімді алып, сүре оқып жатамын. Мен үшін өте аур болды. Басқа әлемде жүрген сияқты. Алладан көмек сұрадым, маған "намаз оқы" деген аян береді. Оның жолы өте көп, кино сияқты.
Қазір айтсам денем түршігіп кетеді. Ол өте ұзақ әңгіме. Сол күннен бастап, үзбей оқып келе жатырмын. Бес уақыт оқымасам да, жатар алдында оқып жатамын. Мен Алладан "ота сәтті өтсін" деп емес, "қатерлі ісік болмаса екен" деп сұрадым. Сонда жарты жылдан кейін қатерлі ісік болмай шықты ғой", - деді Айдай Исаева.
Айта кетейік, тележүргізуші осыған дейін түсік тастағанын кездегі жағдайын баяндаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991905-akeme-qaterli-isik-degen-diagnoz-qoidy-aidai-isaeva-namazga-qalai-kelgenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.