"Анам он жылдай құрсақ көтере алмаған": Отандық актер Дастен Шәкіров отбасы жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Дастен Шакіров
Дастен Шакіров. Фото: instagram.com/dastenshakirov

Отандық актер Дастен Шәкіров отбасы жайлы айтты. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында отбасы туралы неге ашып айтпайтынын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кинорежиссердің айтуынша, ол Алматы қаласының тумасы.

"Мен өзі аса көп сұқбат бергенді ұнатпаймын. Әкем - Бақытбек Шәкіров Шиелі ауданының тумасы. Алматы қаласына оқуға түсіп, осы жақта жұмыс істеп қалған. Анам Арал қаласының тумасы. Әке-шешеме үлкен рақмет. Әртүрлі курстар мен үйірмелерге барғаным солардың арқасы.

Анам үлкен ағамнан кейін он жылдай құрсақ көтере алмаған. Негізі менің атымды Құдайберген деп қойғысы келген. Бірақ әкем бір күні келіп, үлкен баламның аты Дәлен, кіші баламның аты Дастен болады деген. Шыны керек, анам 1987 жылдан 2001 жылға дейін анам мені түрлі үйірмелерге тасыды. Өмірінің 14 жылын маған арнады. Сондықтан сол үшін ата-анама алғысым шексіз", - деді актер Дастан Шәкіров.

Бағдарлама барасында актер өзінің жұбайы мен балалары жайлы ақпарат айтудан бас тартып, мұны құпия қалдырған.

Айта кетейік, осыған дейін өнер иесі кино саласына қалай келгенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992048-anam-on-zyldai-qursaq-kotere-almagan-otandyq-akter-dasten-sakirov-otbasy-zaily-aitty-video/