"Петропавл аруы – 2022" анықталды

Опубликовано:

Петропавл аруы
Фото: instagram.com/rznvell

"Петропавл аруы – 2022" сұлулық байқауы жеңімпазының есімі белгілі болды. Бұл атақты 19 жастағы Эльза Разынова жеңіп алды. Бұл туралы байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Петропавл аруы – 2022" финалы өтті. Нәтижесінде жеңімпаздың тәжі 19 жастағы Эльза Разыноваға бұйырды", – делінген хабарламада.

"Мен университетте экология мамандығы бойынша үшінші курста оқимын. Бос уақытымда бимен айналысамын",– деді өзі туралы айтқан тәж иесі Эльза.

Байқаудың нәтижесінде Ангелина Белоуско бірінші вице-мисс болса, Жұлдыз Кенжебаева мен Лиана Долганова екінші вице-мисс болды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның басқа қалаларында өткен сұлулық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланған болатын. Мәселен, "Павлодар аруы" 20 жастағы Элара Нигомет атанса, "Өскемен аруы" – Ариана Мұратқанова, "Қарағанды ​​аруы" – Мадина Макишева, "Ақтау "аруы" – Жанна Құбышева, "Қостанай аруы" – Нина Доброжан, ал "Ақтөбе аруы" – Орынгүл Едіге болып танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992101-petropavl-aruy-2022-anyqtaldy/