Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен туралы ақпарат жетеді": Отандық актер не үшін отбасы туралы жасыратынын түсіндірді (видео)

Жарияланған күні:

Дастен Шәкіров
Дастен Шәкіров. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Отандық актер, кинорежиссер Дастен Шәкіров жұбайы мен балалары жайлы ақпаратты неліктен құпия ұстайтынын түсіндірді. Бұл жайлы өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жеке өмірім туралы неге сұхбат бермеймін? "Бақыт тыныштықты жақсы көреді" дейді. Мен үшін бірінші орында - жанұям, әке-шешем, балаларым, жарым тұрады. Бұл өмірімді ешқашан жарыққа шығармаймын. Шығарғым да келмейді.

Менің ойымша, желіде мен туралы ақпарат жетеді. Жеке өмір дегеннің "жеке" деген сөзі бар. Өміріңнің бір бөлігі жеке өзіңде қалуы керек. Бәрін көрсеткенді аса ұнатпаймын.

Жарыммен Алматыда таныстық. Содан кейін отбасын құрдық. Тәрбиесімен баурап алды. Әжесінің қолында өскен, әжесінің тәрбиесін алған", - деді актер.

Айта кетейік, осыған дейін Дастен Шәкіров өнер әлеміне келуге ата-анасы рұқсат бермегенін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992276-men-turaly-aqparat-zetedi-otandyq-akter-ne-usin-otbasy-turaly-zasyratynyn-tusindirdi-video/