Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін айтқан Ерке Есмахан көпшіліктен ақыл сұрады

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмахан өзінің қарапайым армандарын Instagram парақшасында айтып берді. Өнер иесі тұрмысқа шығып, келін болып отырғысы келетінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ерке Есмахан, сенің арманың бітпейді. Бетіңді сыйпалап, әдемі киініп, ұшып-қонып жүрсең болды. Сол рахат саған. Ал қарапайым Ерке күйеуге шығып, бала туып, үй жинап, күйеуіне тамақ дайындап, келін болып отырғысы келеді. Осы екеуінің ортасын қалай табамын? Ақыл айтыңыздаршы", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Ерке Есмаханға өз ақылын айтып, кеңес берген.

"Осы өмірдегі әйелдік парызыңды таңда. Отбасылық жағдайға дайын болсаң, отбасыңды алып кетесің. Дайын болмасаң, жүрісің сол жүріс бетіңді сыйпалап", "Шыққан күйеуің жақсы болса, бетіңді сипалап, әдемі киініп, баланың күлкісімен үйді шаттыққа бөлеп, еркелеп өмір сүруге болады. Тек бір-біріне сыйластық танытып, өмірдің әр сәтіне бірге қуана білу керек".

"Тең теңімен. Өзіңізді бағалайтын, түсінігі мол, өнерде де, өмірде де қолдап, қорғап жүретін теңіңіз жолықсын", "Қазақтың қыздары бәріне де үлгереді, қатар алып жүре алады. Тұрмыс құру, бала табу сіз үшін бірінші орында болсын", "Сіздің қолыңыздан екеуі де өте жақсы келеді. Барлығы өз уақытымен" деп жазды желідегі әншінің оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992466-kuieuge-tiip-bala-tugysy-keledi-erke-esmaxan-kopsilikten-aqyl-surady/

pixel