Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Мұтырғановтың отбасы жаңа туған нәрестеге ерекше есім берді (фото)

Опубликовано:

Мұрат Мұтырғанов отбасымен
Мұрат Мұтырғанов отбасымен. Фото: instagram.com/muturganov_murat

Жақында қазақстандық әртіс Мұрат Мұтырғановтың отбасы екінші рет сәбилі болды. Өнер иесі жаңа туған нәрестеге қандай есім бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әртістің отбасы қыздарына ерекше есім таңдаған.

"Біздің көңілді де, бақытты отбасымызға қош келдің, қызым. Қызымыздың есімі - А'Лаэль", - деп жазды Мұтырғанов Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әртіст қызды болуымен құттықтап, тілектерін білдірген.

"Бақытты болсын", "Қызыңыздың бауы берік болсын", "Мұндай есімді бірінші рет естіп тұрмын. Ерекше екен" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Мұрат Мұтырғановтың отбасы қызды болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992483-murat-mutyrganovtyn-otbasy-zana-tugan-narestege-erekse-esim-berdi-foto/

pixel