Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақын адамдарымнан айырылдым": Жәния Джуринская аяғы ауыр кезде ата-әжесі өмірден өткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Фото: "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасы

Актриса Жәния Джуринская сәбилі болуды бір жылдай күткен. Өнер иесі аяғы ауырлағаннан кейін жақындарынан әр үш ай сайын айырылып отырғанын "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жүктілігім өте керемет өтті. Бірақ әр үш ай сайын менің ең жақын адамдарым өмірден өтті. Менің атам, әжем өмірден өтті. Сонымен бірге ең жақын адамымның дертке шалдыққанын білдім. Бұл маған өте ауыр әсер етті.

Бірақ мен өзімді қолға алдым. Ішімде баламның өсіп жатқанын ойладым. Балам үшін жауапкершілікті сезіндім. Менің атам мен әжем ата-анам сияқты болды ғой. Сосын мен өзіме жылап алуға бірнеше күнге рұқсат бердім", - деп еске алды актриса.

Еске сала кетейік, осыған дейін Джуринская бір жыл бойы бала көтере алмағанын айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992533-zaqyn-adamdarymnan-aiyryldym-zaniya-dzurinskaya-ayagy-auyr-kezde-ata-azesi-omirden-otkenin-aitty-video/

pixel