Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков сынды қалай қабылдайтынын айтты

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков: instagram.com/dastanello

Әнші Дастан Оразбеков өзіне айтылған сынды қалай қабылдайтынын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында айтылған сынға қарсылық танытқан сәттерінің болғанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, қазіргі таңда айтылған сынды орынды қабылдап, сол арқылы шыңдалуды үйренген.

"Сынды сабырмен қабылдай аламын" деген кездерім болды. Алайда сырттан айтылған сынға қарсылығымды білдіретін шақтарға тап болдым. Содан менің ішкі жан дүнием от болып жанатын. Мен қалайда өз дегенімді дәлелдегім келетін.

Қазір мінезімнің осындай қырын мойындасам да, айтуға ұялады екем. Бірақ адамдардың бәрі осыны басынан кешірді емес пе? Ең маңыздысы, сын біреуді өсіреді, ал біреуді өшіреді.

Мен сынды одан әрі дамуыма мотивация ретінде қабылдауды, сол арқылы жетілуді үйрендім. Адамды сын шыңдайтынын барынша түсініп, ешкім де еңсесін түсірмесе екен", - деп жазды Дастан Оразбеков.

Айта кетейік, осыған дейін әнші өнер әлемі жайлы ойламағанын айтқан болатын. Алайда оның ән әлеміне келуіне мектептегі ұстазы әсер еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992664-dastan-orazbekov-syndy-qalai-qabyldaitynyn-aitty/

pixel