Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсім сияқты болды": Дариға Бадықова Үндістанда қай арманының орындалғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Отандық актриса Дариға Бадықова түсірілім жұмыстарымен Үндістанға барған. Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында балалық шағындағы бір арманының орындалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" фильмінің Үндістандағы бөліміне түскен.

"Үндістан десе, 96-97 жылдардағы үнді фильмдері еске түседі. Әсіресе, үнді фильмдеріндегі биге қызығатынмын. Қалай бірдей билейді? Қалай көйлектері бірдей, сарилері не деген әдемі? Осылай армандап, "Мен басты актриса болып тұрсам, артқы фонда қыздар билесе" деп армандайтынмын. Сол арманым орындалды. Түсім сияқты болды.

Мұны әлі ешқайда салмадым. Фильм шыққан кезде бірге тамашалаймыз", - деді Бадықова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова әлеуметтік желіде оқырмандарына бір арманының орындалғанын айтып, көпшілікті қызықтырып қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992702-tusim-siyaqty-boldy-dariga-badyqova-undistanda-qai-armanynyn-oryndalganyn-aitty-video/

pixel