Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты актрисамын": Күйеуімен бір телехикаяға түскен Дариға Бадықова жан сырын айтты (видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: www.instagram.com/dariga_badykova

Отандық актриса Дариға Бадықова күйеуімен бірге "Күйеубала" телехикаясына түскен. Өнер иесі жолдасымен бір жобаның түсіріліміне қатысудың қандай болғанын айтып берді. Дариға Бадықова "Таңшолпан" бағдарламасында өзінің бақытты актриса екенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Таңшолпан" бағдарламасының жүргізушісі Гүлнұр Оразымбетова актрисадан "Отбасыда екі адамның да кинода ойнап, актер, актриса болғаны қиындық тудырмайды ма? Образдан шыға алмай қалатын сәттер болады ма?", - деп сұрайды.

"Күйеубала" телехикаясында өз рөліме, Рабиғаға риза болдым. Эмоциялық сезімдері бар, бірақ санасы басқаша ойлайды.

Образдардан шығып кетеміз. Бірақ бір үйден екі адам бір түсірілімде жүруі қиын екен. Одан кейін бір терінің пұшпағын илеу де қиын. Одан кейін күйеуіңе сенбейсің, бұл шеберліктің кереметтілігі ғой. Мен ойнаған рөліне байланысты айтып отырмын.

Рөлден тыс алсаң, үй қараусыз қалады, балалар бар. Сондай нәрсе қиындық туғызады екен. Мен негізі бақытты актрисамын. Күйеуім өзінің жолын берді көбіне. Ол кісі маған жол бермегенде, мен кино саласына келмейтін едім. Себебі мен бірнәрсе алдым ба, түбіне дейін жеткізетін адаммын. Күйеуім де актер ғой. Бірақ әрдайым жолды маған береді. Менің алғыстан басқа айтарым жоқ", - деді Дариға Бадықова.

Айта кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова Үндістандағы түсірілімде бір арманының орындалғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992707-baqytty-aktrisamyn-kuieuimen-bir-telexikayaga-tusken-dariga-badyqova-zan-syryn-aitty-video/

pixel