Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

91 тобының мүшесі Азамат Ашмақын болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Азамат Ашмақын
Азамат Ашмақын. Фото: instagram.com/acetagrammy

91 тобының әншісі Азамат Ашмақын "Ашығын айтқанда" бағдарламасында осыған дейін бірнеше жыл бойы жасырын қарым-қатынаста болғанын мәлім етті. Қазіргі таңда басы бос өнер иесі болашақ жарының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін де ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол отбасы құрмай тұрып қаржылай тұрақтылыққа жетуді көздейді екен.

"Соңғы рет екі ай бұрын кездесуге бардым. Бір рет қана кездестік. Мен негізі сөйлесіп, танысып көремін. Әңгімеміз жараспаса, уақыт жоғалтпаймын. Өзімнің де, оның да уақытын құртпаймын.

Ең бірінші өзіме ішкі жан-дүниемнің тыныштығы керек. Сосын қаржылай тұрақтылық керек. Осыдан кейін отбасы құру тақырыбын ойлануға болады", - дейді әнші.

Сондай-ақ ол болашақ жарына қандай талаптар қоятынын да жасырмады.

"Мінезіміз, әңгімеміз жарасса болды. Арамызда сыйластық жақсы болса деймін. Көзқарасымыздың сәйкес болуы да маңызды.

Осы уақытқа дейін қарым-қатынаста болдым. Үш-төрт жылға созылған қарым-қатынасым болды. Ешкімге көрсетпей, ешкімге білдірмей жүрдім. Мұны Кореядан үйрендім, одан кейін Ерболат ағаның талабы солай болды. Бірақ біраздан бері ешкіммен кездеспеймін", - деді Азамат Ашмақын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін танымал топ мүшесі отбасы жайлы алғаш рет айтқан болатын.

Сонымен қатар ол генетикалық сырқаты барын айтып, жан сырын ақтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992712-91-tobynyn-musesi-azamat-asmaqyn-bolasaq-zaryna-qandai-talap-qoyatynyn-aitty-video/