Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқалдыққа алыңызшы": Рэпер Жақаудың кешінде тыңдарманы ерекше ұсыныс жасады (видео)

Опубликовано:

Амангелді Жақау оқырманымен
Амангелді Жақау оқырманымен. Фото: instagram.com/shyndykz

Қазақстандық рэп орындаушысы Жақауға концертінде белгісіз ару ерекше ұсыныс жасаған. Бойжеткен өнер иесіне екінші әйелі болғысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Shyndykz Instagram парақшасында жарияланған.

1Отандық танымал рэпер Амангелдi Жақаудың кезекті кешінде көрермендердің арасынан бір қыз сахнаға шығып, оған екінші әйелі болуға өзі ұсыныс жасаған.

"Нар тәуекел айтайын, достарыңыз бен көрермен куә болсын. Қазақтың қарапайым мендей сұлу қызын екінші әйелдікке, тоқалдыққа аласыз ба? Менің жүрегімнің иесі боласыз ба?", - дейді сахнаға шыққан бойжеткен.

Сонымен қатар бойжеткен егер рэпер ұсынысына келіссе, қоятын екі шарты барын айтты.

"Бірінші шартым, біз отбасы болған жағдайда ұрыс керіс кезінде мен туралы диск жазбайсыз. Екінші шартым, осындай концертті, рэпті қоясыз. Әйтпесе мен сияқты үшіншісі келіп, "Үшінші болам" деп айтуы мүмкін", - деді ұсыныс жасаған қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993043-toqaldyqqa-alasyz-ba-reper-zaqaudyn-kesinde-ogan-boizetken-usynys-zasady-video/

pixel