Блогер Нұрлан Батыров ата-анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады (видео)
Опубликовано:

Қазақстандық вайнер Нұрлан Батыров ата-анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Ол жақындарына алған бағалы сыйлығы жайлы Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Батыров қуанышты оқиғаны туғандарының қалай қабылдағанын айтып берді.
"Мен көпшілігіңіз ойлағандай, ата-анама 3 бөлмелі пәтер сыйладым. Отбасымдағылар қатты толқыды. Ертең көруге барамыз.
Ал менің Алматыдағы пәтерімнің жағдайын және мен бұл шешімді қалай қабылдағанымды кешірек айтып беремін. Кілтті алуға аз уақыт қалды", - деп жазды вайнер.
Айта кетейік, желі қолданушылары Нұрлан Батыровтың бұл ісінің мақтауға лайық екенін жазуда.
"Жарайсың, Нұрлан", "Ата-анаңыз керемет адамдар", "Сіз сияқты сыйлық жасау барлық балаға бұйырсын" деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993148-bloger-nurlan-batyrov-ata-anasyna-3-bolmeli-pater-syilady-video/