Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орны сахнада": Жанды дауыста ән салған ару желі қолданушыларын таңғалдырды

Опубликовано:

Аружан Базарбаева
Аружан Базарбаева. Фото: tiktok.com/@aruzhanbz

Әлеуметтік желіде жанды дауыста ән салған қазақ қызының видеосы көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушылары бірнеше тілде әндеткен арудың орны сахнада екенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аружан Базарбаеваның "Әдемі қыз" әнін орындаған видеосы Tiktok желісінде көпшілікке таралып кетіп, 1,2 млн қаралым жинаған.

Сондай-ақ аталмыш видеоға 100 мыңнан астам адам лүпіл басқан.

Айта кетейік, бойжеткен бірнеше тілде ән салады.

Newtimes.kz мәліметінше, Аружан Базарбаеваның музыкалық білімі жоқ. Ол Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде магистр. 21 жастағы бойжеткеннің негізгі мамандығы физик-астраном.

Желі қолданушылары Аружанның өнеріне тәнті болғандарын жасырмаған.

"Сенің орның сахнада", "Дауысы қандай керемет", "Денем түршігіп кетті ғой", "Қандай дауыс", "Нағыз талант қой", "Үлкен сахнаға жолдама беру керек" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993322-orny-saxnada-zandy-dauysta-an-salgan-aru-zeli-qoldanusylaryn-tangaldyrdy-video/

pixel