"Тыңдамауым керек еді": Әкесі өмірден өткен Нұрболат Абдуллин өкінішін айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин анасымен
Нұрболат Абдуллин анасымен. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин әкесінің көзі тірісінде орындай алмай қалған арманын айтып, өкінішін білдірді. Өнер иесі әкесінің туған күніне көлік сыйлағысы келгенін, алайда бұл шешіміне оның қарсы болғанын айтты, деп жазады "Жақсы адамдарым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әкемнің мектеп кезінде бір айтқаны бар. "Сен шынымен өнермен кетесің бе? Әлде басқа мамандық таңдауға ойың болады ма? Мүмкін сен мұнайшы боларсың, мүмкін шопыр боларсың" деп айтқан болатын. Әкем өзі қара жұмыстың адамы болды. Себебі сол кезде біздің ауыл мен қаланың арасында қатынайтын көліктер хит болып жатыр еді.

Балалардың ішінде әкеммен тіл табысатыны, жақындауы мен болдым деп ойлаймын. Көңілімнің бір жайланатыны ауылдан бата сұрап барғанымда, әкем малын сойып, батасын беріп шығарып салды", - деді Нұрболат Абдуллин.

Сондай-ақ әнші әкесінің көзі тірісінде көлік сыйлағысы келген арманының орындалмағанына өкініш білдірді.

"Әкем дүниеге қызықпайтын мінезі болды. 2020 жылы әкем 60 жасқа толатын кезі. Мен не істесем де, әкеммен айтатынмын, рұқсатын алатынмын. Сол жылы да "Папа, сізге үлкен джип көлігін сізге сыйлағым келеді" дедім. Карантиннің басталып жатқан уақыты, әкем мені тоқтатты. "Балам, алдағы уақытта не болатынын білмейміз. Алдымен осы жағдайлардан шығып алайық. Сосын сыйлыққа берерсің. Мен қазір қаламай тұрмын" деген болатын.

Сол кезде тыңдамауым керек еді деп ойлаймын. Енді арада бір жыл өтті. Алланың қалауымен әкеміз ортамыздан кетті. Ең болмаса бір жыл көлікті айдайтын еді деген өкініш болады. Өзімнің қаражат тауып жүргендегі ең бірінші арманым - әкеме үлкен көлік сыйлау еді", - деді Нұрболат Абдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993364-tyndamauym-kerek-edi-akesi-omirden-otken-nurbolat-abdullin-okinisin-aitty-video/