Димаш Құдайбергеннің "Stranger" атты шоу концерті енді Малайзияда өтеді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Vyacheslav Prokofyev\TASS via Getty Images

Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен шоу концерті енді Малайзияда өтеді. "Stranger" жобасы жайлы ақпарат dimash.news Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER жеке концертін береді.

Баннердегі мәліметке сүйенсек, концерт 19 қараша күні өтеді.

Ал билеттер сатылымы 21 қазанда Ticket2U сайтында басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Алматы қаласында алғашқы рет жеке концерт берген болатын. "Stranger" атты ғаламат шоу 23 қыркүйек күні Орталық стадионда өтті. Концертті көру үшін әлемінің 68 елінен жанкүйерлер жиналды.

"Stranger" шоуы аясында Димаш жаңа туындыларын да ұсынды. Атап айтсақ, ол інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған туындыны алғаш рет орындады. Әйгілі француз музыканты FKJ шығармашылығымен рухтанған ән көрермен назарын бірден аударды.

Одан бөлек, Әбілмансұрдың өзі маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптық композицияны орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993514-dimas-qudaibergennin-stranger-atty-sou-koncerti-endi-malaiziyada-otedi/