Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашы сол қалпында": 16 жыл бұрын түскен суретті көрсеткен Айниязовты жұрт танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов. Кадр
Өмірқұл Айниязов. Кадр: instagram.com/omirkul_ainiyazov/

Өмірқұл Айниязов әлеуметтік желідегі парақшасында мұрағаттағы суретін жариялады. 16 жыл бұрынғы фото көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кездер-ай, ерке кездер-ай. 2006-жыл", - делінген суреттің жазбасында.

Кадрдан Өмірқұл Айниязовтың дастархан басында бір топ ер адаммен отырғанын байқауға болады.

Бұны көрген оқырмандар әншіні әрең танығанын жеткізген.

"Аға, сізді әрең таныдым ғой", "16 жылда біраз өзгеріпсіз", "Шаш үлгіңіз ғана сол қалпында", "Қайран жастық шақ", "Адамның көңілін көтеретін сурет екен", "Суретке қарап бір күліп алдым", "Өмірқұл мырзаны танымай қалдым", "Өмірқұлды шашынан таныдым", - деді олар.

Айта кетейік, Өмірқұл Өтегенұлы Айниязов 1978 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

Ол 1997 жылы Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы саз колледжін, 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын әнші, оқытушы мамандығы бойынша тәмамдады.

2000 жылдан бері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында жеке дауыстағы әнші болып қызмет атқарып келеді.

Өнер иесі 2010 жылы Қазақстан Жастар одағының "Серпер" сыйлығына, 2011 жылы Қазақстан Республикасының "Мәдениет қайраткері" марапатына, 2021 жылы "Құрмет" орденіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994096-sasy-gana-sol-qalpynda-buryngy-suretin-korsetken-ainiyazovty-zurt-tanymai-qaldy-foto/

pixel