Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ музыкасының жаңа толқынын қолдауға бағытталған радио іске қосылды (видео)

Опубликовано:

Қазақ музыкасының жаңа толқынын қолдауға бағытталған радио іске қосылды
Студия. Көрнекі сурет: pixabay.com

Республика күні қарсаңында Қазақстанда жаңа радио өз жұмысын бастады. Онда тек қазіргі заманғы қазақ музыкасы қосылып тұратын болады. Станция ((beu)) Астанада – 100 FM жəне Алматыда 97.7 жиілікте хабар таратады.

Эфирде Q-поп, инди жəне R ' n ' B-ден бастап эксперименталды музыкаға дейін, яғни, əртістердің жаңа буыны жұмыс істейтін жанрлар көп болады.

Жобаның басты идеясы ((beu)) – жас музыкалық қоғамдастықты қолдау, дамыту жəне көрермендерге қазақстандық сахнаның өскенін көрсету. Радиодада берілетін əндер, подкасттар мен шоулардың 90 пайызы қазақ тілінде болады. Өйткені, соңғы жылдары мемлекеттік тілде жоғары сапалы танымал музыканы жасайтын музыканттардың саны көбейді. Ал олардың аудиториясы күн санап артып келеді, оған дəлел - елімізде өтіп жатқан көптеген концерттер мен фестивальдердің де санының артуы.

Естеріңізге сала кетейік, ((beu)) - таңданудың эмоционалды белгісі. Жақшалар радио толқындарының таралуын білдіреді.

Радио тұжырымдамасы туралы толығырақ ақпарат 27 қазанда Astana Media Week аясында ұсынылады. Ресми тұсаукесер Алматыда 3 қарашаға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994169-qazaq-muzykasynyn-zana-tolqynyn-qoldauga-bagyttalgan-radio-iske-qosyldy-video/

pixel