Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем қуанышымды көрмеді": Ескендір Хасанғалиевтің ұлы "Құрмет" орденімен марапатталды

Опубликовано:

Біржан Хасанғалиев
Біржан Хасанғалиев. Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

Композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев Республика күні қарсаңында "Құрмет" орденімен марапатталды. Ол осы қуанышын әкесінің көрмей кеткеніне өкініш білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біржан Хасанғалиев Алматы әкімінің қолынан "Құрмет" орденімен марапатталған. Ол бұл жайлы Instagram желісінде мәлім етті.

"Әттең-ай, әкем менің бүгінгі қуанышымды көрмеді. Республика күні құтты болсын", - деді әнші.

Желі қолданушылары Біржан Ескендірұлын марапатымен құттықтады.

"Құттықтаймыз", "Ескендір аға көргенде артық болмас еді. Анаңыздың да қуанышы құтты болсын", "Әкеңіз бір аунап жатқан шығар", "Еңбегіңіз еселене берсін" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, композитор Ескендір Хасанғалиев 2021 жылдың сәуірінде өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994302-akem-quanysymdy-kormedi-eskendir-xasangalievtin-uly-qurmet-ordenimen-marapattaldy/

pixel