Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуінің арқасында": Динара Сұлтан өзін сынайтын оқырмандарына жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Динара Сұлтан
Динара Сұлтан. Фото: instagram.com/dinara_sultan1

Әнші Динара Сұлтан қыз-келіншектерге әйел билеген шаңырақта береке болмайтынын айтып, нәзік болуға шақырды. Өнер иесі желіде өзін сынайтындарға жауап қайтарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйел - отбасының ұйытқысы" дейді. Маған "Кімсіз?", "Динара Сұлтан деген кім өзі? Бір әні жоқ, бір хиті жоқ. Күйеуінің арқасында жүр" деп жазатындар көп.

Әрине, мен үшін жолдасым көп нәрсе жасайды. Мен оған әбден лайықтымын деп ойлаймын. Сенім артқан жарым барына сансыз шүкіршілік етем.

Әйел билеген шаңырақта береке болмайды. Келіншектер, нәзік, ақылды болайық. Жарымызды тек төрге отырғызайық. Сонда ғана жанұяда гармония болады", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің қазіргі уақытта сахнадан сирек көрінетінін, алайда оның әндерін сүйсіне тыңдайтынын жазған.

"Динара, қазақтың қыздары мен келіншектері өзіңдей болсын! Өзіңдей ақылды жар, мейірімді ана болсын! Керемет әншісің, жан жақтысың. Үй мен жұмысты қатар алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бақытты бол", "Сізді танымайтындар "Суперстар" көрмегендер ғой. Оған дейін де, одан кейін де талай вокалдық конкурстарға қатыстыңыз", "Мен бұрыннан әндеріңізді тыңдайтын едім. Қазір сирек сахна төрінен көреміз", - деп жазды әншінің оқырмандары.

Айта кетейік, бүгінгі таңда әнші алты бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994313-kuieuinin-arqasy-dinara-sultan-ozin-synaityn-oqyrmandaryna-zauap-berdi-video/