Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Концертінде қарт тыңдарманымен ән орындаған "Музарт" тобына жұрт риза болды (видео)

Опубликовано:

"Музарт" тобы
"Музарт" тобы: Видеодан кадр

"Музарт" тобының Қарағанды қаласындағы концертінде сахнаға шығып, әншілермен бірге ән орындаған атайдың видеосы желіге тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға "Музарт" тобының Қарағанды қаласындағы концертінде болған.

Сахнада "Жайлаукөл кештері" әнін орындап тұрған әншілердің жанына қарт тыңдарманы келген. Қарияның көңілін қалдырмаған топ мүшелері онымен бірге жанды дауыста ән орындайды.

Концертке келген көрермендер Музарттықтардың бұл әрекетіне сүйсініп, ұзақ уақыт қошемет көрсетеді.

Ал қария ән аяқталған соң "Музарт" тобындағы әншілердің әрқайсысымен жеке-жеке құшақтасып, кейінірек сахнадан түсіп кетеді.

Желі қолданушылары да "Музарт" тобының бұл әрекетіне қолдау көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.

"Не деген қарапайымдылық", "Қарияны сыйлағандарыңыз жүректі тебірентті", "Әсерлі сәт", "Қарапайым әншілер" деп жазды олар желіде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994694-koncertinde-qart-tyndarmanymen-an-oryndagan-muzart-tobyna-zurt-riza-boldy-video/

pixel