Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ысқырып шақырды": Еркебұлан Тоқтар халыққа қызмет көрсету орталығында 2 адаммен не үшін ерегіскенін түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Отандық актер Еркебұлан Тоқтар халыққа қызмет көрсету орталығында болған келеңсіз оқиғасымен бөлісті. Өнер иесі өзімен суретке түспек болған 2 ер адаммен сөзге келіп қалғанын "Taboo" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен бұл оқиға туралы желіге салғанмын. Сол кезде әкеме көлік алып, құжаттарын дайындап жүргенмін. Халыққа қызмет көрсету орталығында екі адам мені ысқырып шақырады. Бұрын Айнабұлақта тұрғанда, бізді солай шақыратын. Сол үлкендердің бірі шығар деп, жанына бардым. Барсам, танымайтын екі үлкен адам. "Кел, сенімен суретке түсіп алайық" дейді. "Жарайды" деп, суретке түстік.

Сосын "Мені бағанағыдай ысқырмай, келесіде мәдениетті шақырасыз-ау" деп айттым. Ол кісі "Ысқырып шақырсам, не істейсің?" дейді. Сосын ашуланып кетіп, балағаттадым. Бәрі халыққа қызмет көрсету орталығының ішінде болып жатыр. Өзі сәл ішімдік ішкен екен. Үлкен кісі, бірақ мен оларды сыйлап тұрған жоқпын. Өйткені, олар сыйлауға тұрарлық адам емес.

Содан ерегіс басталып кетті. Шыдамай балағаттап жібердім. Мен жақын тұрған едім, сол қолмен жағымнан ұрады. Мен де ұруды ойлап тұрдым да, ол кісіні далаға шақырдым. Сосын өзім шығып кеттім. Қарасам, артымнан қызметкерлер жүгіріп келе жатыр екен. "Ұрма, сені бәрі түсіріп жатыр" деп айтты. Енді олар да не болып жатқанын көріп тұр ғой. Сыртқа шыққаннан кейін ашуым басылып қалды. Бірақ мені ұрып жібергені ұят болды", - деді актер.

Актердің айтуынша, кейін өзіне тиіскен екі азаматпен телефон арқылы сөйлескен.

"Кейін ол екі кісінің телефон нөмірлерін алып қалдым. Ертесіне хабарлассам, менің дауысымды естіп қара тізімге салып тастады. Бір күн өткеннен кейін ұрғаны есіме түсіп, інімнің нөмірімен қайта хабарластым. Сөйтсем "Ренжімеші, мен сенің фанатыңмын. Мен сені жақсы көрем" деді. Содан кейін қоя салдым", - деді Еркебұлан Тоқтар.

Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар болашақ жарына қандай талап қоятынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994764-ysqyryp-saqyrdy-erkebulan-toqtar-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalygynda-2-adammen-ne-usin-eregiskenin-tusindirdi-video/

pixel