Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков жетістікке қалай жеткенін ашық айтты

Опубликовано:

Дастан Оразбеков. Фото
Дастан Оразбеков. Фото: instagram.com/dastanello82

Отандық әнші Дастан Оразбеков жетістігінің сырын бөлісті. Әнші осы уақытқа дейін өзіне тек сәттілік жолдас болды деп ойлап келгенін Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі осы уақытқа дейін бос жүрген күнінің болмағанын атап өтті.

"Меніңше, жетістік – бұл өз-өзіңмен жұмыс жасауды тоқтатпау. Белгілі бір жасыма дейін өмірімде маған тек сәттілік жолдас болғандай көрінетін. Бірақ көп жылдардан кейін артқа үңіліп қарағанда, осының бәріне қанша уақыт, жүйке талшықтары кеткенін, қанша еңбек пен тердің төгілгенін түсінесің.

Біздің төбеге қарап жай жатқан шақтарымыз немесе босқа сандалып жүрген кездеріміз болған емес. Біздің таңымыз театрда атып, күніміз театрда бататын. Ән жазамыз, қойылымдарға дайындаламыз. Тіпті жолдастарымыздың үйінде жинала қалсақ, айналып келіп музыкамен айналысатынбыз.

Бүгін, есейген шағымда ештеңе де жайдан-жай келмейтінін түсінемін. Егер жетістікке жеткің келсе, барасың да сол істі қазір қолға аласың. Күн сайын басқан кішкентай қадамдарыңмен үлкен мақсатыңа жақындайсың. Менің мақсатым – жастарға дамуға мүмкіндік беру және өзімнің де заман ағымына ілесе отырып дамуым", - деді Дастан Оразбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші өзіне айтылған сынды қалай қабылдайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994966-dastan-orazbekov-zetistikke-qalai-zetkenin-asyq-aitty/

pixel