Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Омаров Вашингтон төрінде "Қазақтар" деп аталатын жаңа әнінің тұсауын кесті (видео)

Опубликовано:

Марат Омаров
Фото: Instagram/marat_omarov_kz

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Марат Омаров Республика күніне орай Америка Құрама штаттарында жеке концертін беріп, отандастарын қуантты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Омаровтың концерті АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өтті. Мерекелік шарада өнер иесі бірқатар патриоттық әрі хит әндерін орындап, жиналған барша қазақстандыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Оған қоса әртіс Республика күніне орайластырылған концерті кезінде су жаңа "Қазақтар" деген әнінің тұсауын кесті.

Қазақстанды сағынып жүрген көпшілік Омаровпен бірге ән шырқады. Әнші сахнада ғана емес, концертке келген жұртшылықтың ортасында да өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995023-marat-omarov-vasington-torinde-qazaqtar-dep-atalatyn-zana-aninin-tusauyn-kesti-video/

pixel