Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайдан шығып кету керек болды": Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызын кешірді ме

Опубликовано:

Нұрболхан Шарапов
Нұрболхан Шарапов. Фото: "REVUE WEEKLY" бағдарламасы

Бірер жыл бұрын өзара араздасып қалған әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен Ләйлә Сұлтанқызының бүгінде арақатынасы қандай? Аталған сауалға әзілкештің өзі "REVUE WEEKLY" бағдарламасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов арада болған даудан кейін Ләйлә Сұлтанқызымен "Жайдарман жай батлда" тосыннан кездесіп қалған. Бағдарлама жүргізушісі Анар Батырхан әзілкештен "Ләйлә Сұлтанқызымен бір алаңда жолыққандарың әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Бұл сендердің татуласқандарыңды білдіреді ме?", - деп сұрады.

Ал Нұрболхан Шарапов бұл оқиғаның кездейсоқ кездесу болғанын түсіндірді.

"Ол аяқ астынан болған жағдай. Ешкім күткен жоқ. Қазылар алқасында Ләйлә Сұлтанқызының отыратыны ойынға бір сағат қалған кезде ғана белгілі болды. Оған дейін қазылар алқасының бесінші мүшесі кім болатыны белгісіз еді.

"Жай батл Жайдарманға" бір сағат қалғанда Ләйлә Сұлтанқызының қазылар алқасының бесінші мүшесі екені анықталды. Қазылар алқасының төрт мүшесіне таныстыру жазылған. Ал Ләйлә Сұлтанқызына жазылмаған. Сол жерде жағдайдан шығып кету керек болды. Оған дейін де, одан кейін де сөйлеспедік. Өмірде көріссек, сөйлеспейміз. Мен жай ғана амандасамын. Өткен нәрсе өтті", - деді Нұрболхан Шарапов.

Айта кетейік, осыған дейін Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шараповтың өзара даудан кейін алғаш рет кездескен сәті желіде жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995177-zagdaidan-sygyp-ketu-kerek-boldy-nurbolxan-sarapov-laila-sultanqyzyn-kesirdi-me/

pixel