Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесіне өзім жаздым": Мөлдір Әуелбекова ұлы мен бұрынғы күйеуінің қарым-қатынасы жайлы айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі мен ұлының қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Ол өсіп қалған ұлын әкесімен кездестіру үшін бірінші күйеуіне үш жылдан кейін өзі хат жазған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының сұрағына жауап берген әнші Instagram желісінде көпшілікке бұрынғы жұбайымен сөйлескен хатын көрсеткен.

Әншінің айтуынша, ол ұлын әкесімен кездесуге өзі алып бармақ.

"Сонымен баламды өзім әкесіне апарып, көрістіріп тұратын боламын. Бұйырса, көбірек бірге уақыт өткізер. Әкесі құптайды. Бірақ "уақытым жоқ" дейді.

Қателеспесем, соңғы үш жылда алғашқы сөйлесуім осы. Әкесін мақтап, айтып отырамын. Ол да соңғы 3-4 айда "балама" деп ақша жіберіп жүр. Бірақ балам өсті. Қазір сөзбен арбауға көнбейді. Көрістіру мақсатында өзім жаздым", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995231-akesine-ozim-zazdym-moldir-auelbekova-uly-men-buryngy-kuieuinin-qarym-qatynasy-zaily-aitty/

pixel